Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының жұмыс тобының отырысы

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының жұмыс тобының отырысы

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының жұмыс тобының отырысы

 

2025 жылғы 15 қыркүйекте Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубының жұмыс тобының отырысы өтті. Жиын барысында Клубтың Ережесі талқыланып, жұмыс тобының мүшелері сайланды, сондай-ақ бірлескен жылдық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Жұмыс тобының мүшелері жастарды демократиялық дамуға тартудың, конституциялық құндылықтарды сақтаудың, сондай-ақ жас азаматтар арасында сайлау мәдениетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Жас сайлаушылар клубы сайлау процесінің өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылауға арналған диалог алаңына айналады. Сондай-ақ Қордай ауданы жастарының құқықтық санасын дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған білім беру және ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы