Қордайда Жас сайлаушылар клубы құрылмақ – маңызды меморандумға қол қойылды

Қордайда Жас сайлаушылар клубы құрылмақ – маңызды меморандумға қол қойылды

2025 жылдың 6 тамызында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» өзара ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойды. Құжат жастардың сайлауға қатысу белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетін дамытуға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

Меморандум аясында Қордай ауданында Жас сайлаушылар клубын құру көзделіп отыр. Бұл бастама жастарды сайлау процесіне тарту арқылы олардың саяси сауаттылығын арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Құжатқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Төреханұлы Сырлыбаев және Жастар ресурстық орталығының директоры Айканыш Болатбетқызы Исраилова қол қойды.

Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта клуб аясында атқарылатын бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылап, жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру жолында тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Меморандум аясында Жас сайлаушыларға арналған семинарлар, тренингтер және пікірсайыстар ұйымдастыру, сайлау процесі мен сайлаушы құқығы туралы ақпараттық-түсіндіру науқандарын өткізу, оқушылар мен студенттер арасында патриоттық және құқықтық тәрбие бағытында шаралар өткізу, сайлау комиссияларымен бірлескен тәжірибелік сабақтар мен кездесулер өткізу бағыттары бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Тараптардың айтуынша, Жас сайлаушылар клубы – жастар үшін құқықтық білім мен азаматтық ұстанымды дамытуға арналған тиімді алаңға айналады. Сонымен қатар, бұл бастама жас буынды ел болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге де ықпал етпек.

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы