Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылында балалар ойын алаңшаларына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл және Жаңатұрмыс ауылында балалар ойын алаңшаларына қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Осыған дейін тұрғындар өтінішін ескерусіз қалдырмауды тапсырған аудан әкімі Бегзат Болатбеков аталған елдімекендерде тозығы жеткен балалар ойын алаңшасына жөндеу жұмыстарын жүргізуді тиісті орындарға міндеттеген болатын.
Ойын алаңшаларын жаңарту барысында бұрынғы құрылыс элементтерінің тозығы жеткенін ескере отырып, оларды алмастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беріп, олардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.
Өйткені, балалардың денсаулығы мен белсенділігі үшін сапалы ойын алаңдары қажет. Жөндеу жұмыстарын «Бердалиев» мердігерлік мекемесі жауапкершілікпен және кәсіби деңгейде атқарды. Мердігерлік мекеме жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста болып, пікірлерін ескере отырып, барлық жұмыстарды жоспарлы түрде жүзеге асырды. Әрбір деталіне мұқият қараған мамандар, ойын алаңдарының құрылысын заманауи талаптарға сай етіп жаңартты.