«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданындағы 42 көшенің жолы жөнделуде

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданындағы 42 көшенің жолы жөнделуде

Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданы бойынша 7 елді мекенде 9 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Жобалар шеңберінде жалпы ұзындығы 24,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда:
• Қордай ауылында – 10 көше (5,4 шқ),
• Отар ауылында – 5 көше (4,1 шқ),
• Қаракемер ауылында – 7 көше (2,4 шқ),
• Сарыбұлақ ауылында – 11 көше (6,6 шқ),
• Бетқайнар ауылында – 5 көше (3,2 шқ),
• Степное ауылында – 4 көше (2,85 шқ),
• Ауқатты ауылында – 1 көше (0,2 шқ).
Бүгінгі таңда барлық жобалар бойынша мердігер ұйымдар анықталып, тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып, 2024 жылдан өтпелі негізде іске асырылып жатқан жалпы ұзындығы 8,5 шақырымды құрайтын Қордай, Сарыбұлақ, Сортөбе және Степное ауылдарындағы 4 жоба бойынша да жұмыстар жалғасуда.