Аудан әкімінің жыл басында халықпен кездесуінде көтерілген маңызды мәселелердің бірі – Қалғұты ауылындағы жолдардың сапасы мен көше жарығының болмауы еді.
Аталған мәселені шешу мақсатында нақты жұмыстар қолға алынып, бүгінде Степной ауылдық округіне қарасты Қалғұты ауылында жол жөндеу және жарықтандыру бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.
Ауылдағы Тыңдала, Ұста және Оңтүстік көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол инфрақұрылымы жаңартылды. Сонымен қатар, Оңтүстік және Ұста көшелеріне жарықтандыру жүйесі орнатылды.