«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауданы аумағындағы барлық тарихи ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауданы аумағындағы барлық тарихи ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты – мәдени мұра нысандарын күтіп-ұстау, қоршаған ортаны таза сақтау және өскелең ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттыру болып табылады.

Акция барысында аудан аумағында орналасқан тарихи орындарда қоқыс тазаланып, абаттандыру және ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Жалпы, бұл игі бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.