13 маусым – Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері құрылған күні

13 маусым – Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлері құрылған күні

Құрметті әскери қызметшілер мен ардагерлер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрамдас бөлігі – аумақтық әскерлердің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аумақтық әскерлер — еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуда, ішкі тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келе жатқан құрылым.

Осы ретте Қордай ауданындағы Гвардейский қалашығында орналасқан 40-шы әскери база қызметкерлерінің еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Әскери тәртіп пен ел алдындағы жауапкершілікке адалдық – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен патриоттық ұстанымдарыңыздың айқын көрінісі.

Ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, абыройлы қызметтеріңізге сәттілік пен толағай табыс тілейміз.