Қордай ауданында балаларға арналған спорттық эстафета ұйымдастырылды

Қордай ауданында балаларға арналған спорттық эстафета ұйымдастырылды

 

12 маусым күні Қордай ауданының «Балауса» сауықтыру лагерінде Қордай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәртіп пен Заң» және «Қауіпсіз Қордай» акциялары аясында балаларға арналған спорттық эстафета өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене белсенділігін арттыру және патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады. Эстафета барысында балалар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, жылдамдықтары мен ептіліктерін сынға салды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар мен жаттықтырушылар алғыс хаттармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Осындай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойында тәртіптілік, отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын ұстану сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.