Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 2 сәуірде Қордай ауданының Ноғайбай ауылдық округі әкімін сайлау өтті.

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 2 сәуірде Қордай ауданының Ноғайбай ауылдық округі әкімін сайлау өтті.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қордай ауданының Ноғайбай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Ноғайбай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1525 азамат енгізілді, оның ішінде 1108 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 14, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ешмұрат Е.А. – 951; Райымбекова А.Ж. – 56; Хамитхожаев Е.С. – 82.

Ноғайбай ауылдық округінің әкімі болып Ешмұрат Ер-Серік Аманбекұлы, 1993 жылы туған, Ноғайбай аулдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, Ноғайбай ауылдық округінің Ноғайбай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Қордай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірдегі шешімімен 2023 жылғы 2 сәуірде сайланған Қордай ауданының Ноғайбай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Қордай аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 апреля 2023
Дата обновления
04 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

29 июля 2026
Шетелде дауыс беру
Ақпарат
21 июля 2026
Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру
15 июля 2026
БАҚ ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты