Қордай ауданының ауыл әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2021 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша кандидаттарды тіркеу туралы

  1. Барлығы 9 кандидат ұсынылды: оның ішінде 6 саяси партия, 3 өзін-өзі ұсыну.

Ағымдағы жылғы 14 шілде сағат 18.00 - дегі жағдай бойынша 9 кандидат тіркелді, олардың 6 - ын-саяси партиялар ұсынды, 3-ін-өзін-өзі ұсыну арқылы.

 

  1. Әр түрлі себептермен 0 кандидат алынды, соның ішінде

0-сәйкессіздіктер бойынша бас тартылды,

0-өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініштер бойынша,

0-саяси партияның тиісті филиалының жоғары басқарушы органының кандидатураны ұсыну туралы шешімнің күшін жоюына байланысты.

Ағымдағы жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18-ге дейін 9 кандидатты тіркеу үшін құжаттар ұсынылды.

 

  1. 9 үміткердің құжаттары арнайы тексеруге жіберілді; жауап алынған жоқ.

Мемлекеттік кірістер органдарына 9 кандидаттың құжаттары жіберілді. Декларациялардағы мәліметтердің дұрыстығы бойынша жауап алынды 9.

  1. Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алды, сайлау бюллетеніне енгізілді.

Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама ТИК-тің интернет-бетінде және жергілікті баспа БАҚ-та орналастырылған (2021 жылғы 10 шілде).

  1. Барлық 3 сайлау округтерінде 3 кандидаттан. 3 сайлау округінде 3 саяси партия және 1 өзін-өзі ұсыну арқылы.
  2. Сайлау комиссияларына ұсыну және тіркеу кезеңінде өтініштер түскен жоқ.

 

Қордай ауданы Қордай, Степной және Сұлутөр ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың тізімі

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауданы Қордай, Степной, Сұлутөр ауылдық округітеріне әкімідікке «ADAL», «Nur Otan», «Ауыл» партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

Қордай ауылдық округіне Сахатов Бакыт Онласынович, 1981 жылы туған, Қордай ауылдық округінің әкімі, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Қордай ауылдық округіне Узакбаев Даулет Рысбекович, 1985 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясының мүшесі.

Қордай ауылдық округіне Айтымбетов Нурсултан Саламатович, 1990 жылы туған, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

Степной ауылдық округіне Джолдасбаев Кайрат Рахимбаевич, 1964 жылы туған, «Карбоз» шаруа қожалығының басшысы, Қордай ауданы, Арал ауылының тұрғыны, «ADAL» партиясының мүшесі.

Степной ауылдық округіне Аймурадова Роза Унгаровна, 1964 жылы туған, Степной ауылдық мәдениет үйі, меңгерушісі, Қордай ауданы, Степной ауылының тұрғыны, «Ауыл» партиясының мүшесі.

Степной ауылдық округіне Шуйшибекова Инкар Таласбековна, 1988 жылы туған,  Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Сұлутөр ауылдық округіне Байсал Нұрлан Айдарұлы, 1992 жылы туған, Сұлутөр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Сұлутөр ауылдық округіне Жолаушыбаева Жадыра Дуйсенбаевна, 1990 жылы туған, №38 Сұлутөр орта мектебі, директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары, Қордай ауданы, Сұлутөр ауылының тұрғыны «Ауыл» партиясының мүшесі.

Сұлутөр ауылдық округіне Қойшыбай Ерболат Қуанышұлы, 1993 жылы туған, Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратарының бас маманы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Дата публикации
15 июля 2021