8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

Құрметті әйелдер қауымы!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің осы керемет мерекесі бізге, ер адамдарға, өміріміздің мәні болған сүйкімді сыңарларымызға деген сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіруге мүмкіндік береді.

Сіздер өмірді сұлулыққа толтырып, жақындарыңызды жан жылуы мен сәулелі сезімге бөлеп, ошақ басының дәстүрін сақтап келесіздер.

Біз өз тарапымыздан сіздердің жайлы өмір сүріп, ертеңгі күнге сеніммен қарауларыңыз үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Ең бастысы – біз сіздерді мақтан тұтатынымызды және жақсы көретінімізді айтқымыз келеді.

Құрметті әйелдер!

Сіздерге өмірлік дана ұстамдылықтарыңыз, жанқиярлық еңбектеріңіз, болашаққа деген қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз.

Риясыз шат күлкілеріңіз, таусылмас төзімдеріңіз бен мейірімдеріңіз үшін, әр күнімізді шуақты да бақытты ете білгендеріңіз үшін рахмет!

Сіздерге шын жүректен мол бақыт, зор денсаулық, телегей табыс, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй, ертеңге деген жақсы үміт пен барлық жақсылықты тілейміз!