Ағымдағы жылдың 11 наурыздағы Масанчи ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Айгерім Тоқбай №12 Ж. Аймауытов атындағы орта мектеп , 10-11 оқушылары арасында "Жастар мен жасөспірімдер арасында шылым шегудің, нашақорлықтың, қылмыстың алдын алу" тақырыбында кездесу іс-шарасы өткізілді. Аталған тақырыпқа байланысты Алғашқы сөз кезегін алған маман Айгерім Тоқбай жасөспірім балаларды, зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс ортамен қарым қатынас құруға, білім алуға ынталы болуға шақырды. Айгерім Тоқбай тақырыптың маңыздылығына кеңінен тоқталып, зиянды әдеттерге әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр дертке шалдықтыратынын, және зардаптары жайында да түсіндірді.