Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында ішкі сауда көлемі 200,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 102,1%. Оның ішінде бөлшек сауда – 124,2 млрд. теңге, НКИ 101,6%, көтерме сауда – 76,0 млрд. теңге, НКИ 102,8% құрады.
Облыстағы сауда кәсіпорындары және мекемелерімен 74,5 млрд. теңгеге сауда жасалынған.
Көтерме саудада сатылған азық-түлік тауарларының сомасы 35,4 млрд. теңге, азық-түлікке жатпайтын сатылған тауарлардың сомасы 40,5 млрд. теңге құрады.