«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі» жайлы баспасөз конференциясы өтті

«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі» жайлы баспасөз конференциясы өтті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында басқарма басшысы Сейсебаев Аспандияр Мұраталыұлы, туризм саласын мемлекеттік қолдау, дамыту және мониторинг бөлім басшысы Хажы Жомарт Жайнақұлы, «Qoloner Taraz» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құндызбаева Раушан Иманәліқызы, «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жетекшісі Айгерим Сарсенбаеваның қатысуымен «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі» жайлы баспасөз конференциясы өтті.

Фестиваль  ағымдағы жылдың 2-3 мамыр аралығында, нақтылай айтқанда «Қызғалдақ мұра» ғылыми конференциясы 2 мамыр күні Тараз қаласы, «Достық үйінде», «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі 3 мамыр күні Талас ауданы, Есейхан ауылы, Қаратау тауының бөктерінде өткізіледі.

Фестивальдің мақсаты – Жамбыл облысының туристік әлеуетін арттыру, қызғалдақтың табиғи мекенін сақтау және мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Халықаралық шараға Германия, Украина, Түркия, Қырғызстан, Ресей, Иран және Голландиядан келген шетелдік қонақтар қатысады деп күтілуде.