
«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Тараз – Алматы» бағыты бойынша өткен халықаралық тур аясында Қазақстанның әр өңірінен және Ресейден келген 312 турист Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасымен және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндік алды.
Туристерге «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі қолөнершілер көрмесі, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Қарахан» және «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенелеріне экскурсия өткізілді.
Сонымен қатар қонақтар жылқы және түйе керуенімен серуендеу мүмкіндігіне ие болды.
«Jibek Joly» туристік пойызы саяхатшылары Тараз қаласының бай тарихи мұрасы мен мәдениетінен ерекше әсер алып, ұйымдастыру сапасына ризашылықтарын білдірді.