
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 727,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,8% құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 94,8 млрд. теңгені құрады, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 101,9%. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 13% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 475,7 млрд.теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,7% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 65,3% құрады.
Өнеркәсіп құрылымында мына салалар ең көп үлеске ие: химия өнеркәсібі (44,6%), металлургия өнеркәсібі (14,1%), тамақ өнімдері өндірісі (16,6%), өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (9,9%).
Мұнай өнімдерін өндіру (4,2%), машина жасау (3,6%), дайын металл бұйымдарын өндіру (1,2%), жеңіл өнеркәсіп (1,3%) салалары ең аз үлеске ие.