Шағын және орта бизнес бойынша 9 айдың қорытындысы

Шағын және орта бизнес бойынша 9 айдың қорытындысы

2024 жылдың 1-ші тоқсанына шағын және орта бизнес үлесі 23,3% ал жалпы қосылған құн көлемі 148 739,4 млн теңге құрады. 2024 жылдың 9 айында облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 140,0 млрд. теңгені құрайтын барлығы 34 669 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаражаттың 72,2%, яғни 101,0 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 7,2% яғни 10,1 млрд. теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 20,7% яғни 28,9 млрд. теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы несиелендірілді.
Берілген несиелердің 43,1 млрд. теңгені құрайтын 1 763 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.