Туризм саласындағы инвестициялар

Туризм саласындағы инвестициялар

Жамбыл облысы жақсы туристік әлеуетке ие және туристерге туризмнің түрлі түрлерін ұсына алады. Өңірдің жайлы климаты, бай флорасы мен фаунасы, көркем табиғаты Жамбыл облысын тартымды туристік нысанға айналдыруда, экономиканың басымды бағыттарының бірі – туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта кету керек. Облыс аумағында ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи және мәдени ескерткіштер жетерлік, сонымен қатар туризмді жарнамалау мақсатында халықаралық, республикалық деңгейлердегі имидждік іс-шаралар тұрақты өткізілуде. Ағымдағы жылы «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесі, «Жанды сабақтар» жобасы, «Taraz City bus» экскурсиялық бағдарламасы, «Көктем көркі – қызғалдақ» іс-шаралары жүзеге асырылуда.

Облыста туризм саласына инвестиция тарту мәселесі бойынша 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 15 млрд. 855 млн. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар:

- «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің 3 кезеңі. Жобалық құны 655 млн. теңге. Тапсырыс беруші – Тараз қаласының әкімдігі. Келушілер саны жылына 40 мың адам. 18 жұмыс орны құрылған. Жобаның іске асырылу мерзімі 2024 жыл.

- «Koksai resort» этно-туристік демалыс аймағы. Жобаның сметалық құны 3 млрд. теңге. Келушілер саны жылына 32 мың адам. 15 жұмыс орны құрылған. Жобаның 2 кезеңінің іске асырылу мерзімі 2024-2026 жылдар.

- «Aksai» туристік демалыс орталығы. Жобаның сметалық құны 2 млрд. 514 млн. теңге. Келушілер саны жылына 40 мың адам. Жобаның іске асырылу мерзімі 2024-2026 жылдар.

- «Таскөл» демалыс орталығы. Жобаның сметалық құны 800 млн. теңге. Келушілер саны жылына 30 мың адам. 9 жұмыс орны құрылған. Жобаның іске асырылу мерзімі 2024 жыл.

- «Алмалы» туристік демалыс орталығы. Жобаның сметалық құны 2 млрд. теңге. Келушілер саны жылына 35 мың адам. 35 жұмыс орны құрылған. Жобаның 2 кезеңінің іске асырылу мерзімі 2024-2026 жылдар.

- «Зербұлақ» аквапаркі. Жобаның сметалық құны 2,5 млрд. теңге. Келушілер саны жылына 50 мың адам. 35 жұмыс орны құрылған. Жобаның 2 кезеңінің іске асырылу мерзімі 2024-2026 жылдар.

- «Қаралма» тау-шаңғы кешені. Жобаның сметалық құны 6,3 млрд. теңге. Келушілер саны жылына 45 мың адам. 10 жұмыс орны құрылған. Жобаның 2 кезеңінің іске асырылу мерзімі 2024-2026 жылдар.

Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 106 уақытша және 95 тұрақты, барлығы 201 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Облыстың туристік әлеуетін жарнамалауға халықаралық, республикалық деңгейлердегі имидждік іс-шаралар тұрақты өткізілуде.