2024 жылдың қаңтар-мамыр айында ішкі сауда көлемі 312,9 млрд. теңгені құрады (НКИ – 96,8%). Оның ішінде бөлшек сауда 184,9 млрд. теңге, көтерме сауда 127,1 млрд. теңгені құрады. Бөлшек саудада азық-түлік тауарлары 72,4 млрд. теңгеге, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 112,6 млрд. теңгеге сатылған. Облыстағы сауда кәсіпорындары және мекемелерімен 122,5 млрд. теңгеге сауда жасалынған. 2024 жылдың 1 маусымына облыстағы көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында 50,9 млрд. теңгеге тауар қоры сақталған. Оның ішінде бөлшек сауда орындарында құны 30,8 млрд. теңге болатын 48 күнге жететін тауар қоры, көтерме сауда нысандарында 20,1 млрд. теңгеге 51 күнге жететін тауарлар сақтаулы тұр. 2024 жылдың қаңтар-сәуірінде сыртқы сауда айналымы 163,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27,1%-ға төмендеген. 2024-2025 жылдарға арналған 5 базарды жаңғырту бойынша Жол картасы әзірленіп, ҚР СИМ-мен келісілді. «Жібек жолы», «Салтанат», «Береке», «Якка сарай», «Ауыл береке» базарларының иелерімен кездесулер өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жыл басынан бері өңірлік тұрақтандыру қорынан 7 тауар түрі бойынша 81,7 тонна көлемінде интервенция жүргізілді. Тұрақтандыру қорының 8 комиссиясы және делдалдық комиссияның 45 отырысы ұйымдастырылып, 66 құқық бұзушылық фактісі анықталды. 2 тоқсанға 200 баға ұсынысы алынып, облыс әкімдігінің қаулысымен ӘМАТ-на шекті мән бекітілді, 3 тоқсанға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аптасына статистика Департаментімен азық-түлікке 2 күн мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Күнделікті тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі (НСПТ) порталына және derekhub.kz порталына ақпарат енгізу жұмыстары жүргізіледі. ӘМАТ сауда үстемақыны асырмау бойынша сауда желілерімен 1747 меморандум жасалынды. 2024-2025 жылдарға қысқы көктемгі маусымаралық кезеңге көкөністер бойынша жалпы 6288 тонна форвардтық келісімшарт жасалынды.