2023 жылдың 1-ші желтоқсанына жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 108 332 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,1% өсті. Ағымдағы жылдын 11 айында облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 170,7 млрд. теңгені құрайтын барлығы 47 616 кәсіпкерге несие берілді. Бұл қаражаттың 60,5%, яғни 103,3 млрд. теңгесі екінші деңгейлі банктер арқылы, 10,6%, яғни 18,0 млрд. теңгесі «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингінің еншілес компаниялары арқылы, 20,2%, яғни 34,5 млрд. теңгесі микроқаржы ұйымдары арқылы, 8,7%, яғни 14,8 млрд. теңгесі «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несиелендірілді. Берілген несиелердің 68,2 млрд. теңгені құрайтын 5314 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.