
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында JAMBYL TV телеарнасымен бірге жұмыртқа және қарақұмық бағаларына байланысты «Нүрислам» және «Корзинка» супермаркеттерінде пресс тур ұйымдастырдық. Басқарманың сауда және сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бас маманы – Құрманбек Ельяр Телхожаұлы сұхбат берді. Бүгінгі күнде Тараз қаласында үй жанындағы дүкендермен ірі сауда желілерінде жұмыртқа – 70 теңге және қарақұмық – 650 теңгеден орташа бағамен сатылса, қазіргі таңда, халықты арзан бағамен қамтамасыз ету үшін әкімдік облыстық түрақтандыру қоры арқылы Тараз қаласындағы ірі сауда желілеріне (Нурислам, Дәмді себет, Фиркан, Алма) тікелей төмен бағамен жеткізіп отыр. Жұмыртқа – 49 тенгеден, қарақұмық – 520 тенгеден, ал әлеуметтік дүкендерде жұмыртқа – 35 тенгеден, қарақұмық – 480 тенгеден еркін саудалануда.