Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында «Automechanika Astana 2026» халықаралық көрмесі өтеді

Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында «Automechanika Astana 2026» халықаралық көрмесі өтеді

Құрметті кәсіпкерлер!

2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында «Automechanika Astana 2026» халықаралық көрмесі өтеді.

Көрме Messe Frankfurt GmbH лицензиясы негізінде ұйымдастырылып, автокомпоненттер, қосалқы бөлшектер, жабдықтар және көлік құралдарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік шешімдер нарығына бағытталған. Сонымен қатар, диагностика және жөндеу саласындағы тәжірибелік технологиялар да қамтылады. «Automechanika» көрме бренді аталған саладағы әлемдегі ең ірі іс-шаралардың бірі болып табылады және әлемнің 16 қаласында өткізіледі.

2026 жылы Automechanika Astana көрмесінің ұйымдастырылғанына 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында көрме автомобиль өнеркәсібі, автосервис, қосалқы бөлшектер, жабдықтар және технологиялар саласы өкілдері үшін Орталық Азиядағы маңызды салалық алаңдардың бірі ретінде танылды.

Осыған байланысты алдағы көрмеге қатысуға шақырамыз.