
Құрметті кәсіпкерлер!
2026 жылғы 5–7 мамыр аралығында Астана қаласында, «EXPO» халықаралық көрме орталығы алаңында «Comtrux Astana 2026» және «Eurasian Construction Technology Astana 2026» халықаралық салалық көрмелері өтеді.
Биыл Comtrux Astana 2026 көрмесі ребрендингтен кейін жаңартылған форматта ұйымдастырылып, Messe Frankfurt GmbH лицензиясы негізінде өткізіледі. Жоба инфрақұрылымдық, құрылыс және өнеркәсіптік жобалар саласында ірі халықаралық B2B платформаны қалыптастыруға бағытталған.
Eurasian Construction Technology Astana 2026 көрмесі құрылыс және жол техникасын, жабдықтар мен технологияларды таныстыруға арналған тиімді алаң болып табылады. Аталған салаларда ұқсас арнайы техника, сервистік қызметтер және қаржылық құралдар пайдаланылатындықтан, олардың мақсатты аудиториясы да көп жағдайда сәйкес келеді.
Осыған байланысты, Сіздерді алдағы көрмелерге қатысуға шақырамыз.