Жамбыл облысы ҚАЖ мекемелеріндегі өндіріс

Жамбыл облысы ҚАЖ мекемелеріндегі өндіріс

⚜️Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өндірістік қызмет жүзеге асырылуда.

📌 Түзеу мекемелерінің базасында әртүрлі бағыттағы өнімдер өндіріледі: тігін және былғары бұйымдары, металл конструкциялар, ағаштан жасалған бұйымдар, құрылыс материалдары және ауыл шаруашылығы өнімдері.

Өндірістік қызмет сотталғандарды еңбекпен қамтуға бағытталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

📞 Өнімдерді сатып алу мәселелері бойынша
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне хабарласуға болады:
8 (7262) 34-99-73