Әлеуметтік Кәсіпкерлік

Әлеуметтік Кәсіпкерлік

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономика құбылысы ретіндегі заманауи даму тарихы шамамен 50 жылды қамтиды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы көшбасшылар: АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Израиль.

Әлеуметтік кәсіпкерлердің мақсаты – әлеуметтік мәселелерді жұмсарту есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Әлеуметтік кәсіпкерлік әртүрлі факторларға байланысты экономиканың мемлекеттік те, коммерциялық та секторлары шешуге дайын емес мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кәсіпкерліктің белгілері

  1. Әлеуметтік әсер, қазіргі әлеуметтік мәселелерді шешуге не жұмсартуға бағытталушылық.
  2. Инновациялылық, әлеуметтік әсерді арттыруға мүмкіндік беретін жаңа, бірегей амалдарды қолдану.
  3. Өзін-өзі өтеушілік және тұрақтылық, әлеуметтік мәселелерді өз қызметінен алынатын кірістердің есебінен шешу қабілеті.
  4. Ауқымдалушылық және таралымдылық, келешекте қызмет ауқымының ұлғаюына, тәжірибенің таралуына болжамдану.
  5. Кәсіпкерлік көзқарас, нарық тауашаларын көру, жалпы қоғамға оң әсер ететін ресурстарды шоғырландыру қабілеті.

 

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік жақында ғана таныла бастады, аталмыш сәтте ресми деректер бойынша 95 кәсіпорын тіркелген, ресми емес деректер бойынша олардың саны 2000-нан асады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң күшіне енді, ол аталмыш кәсіпкерлік түрінің жекелеген мәртебесін белгіледі. Заңға сәйкес, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесетін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметі. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерінен басқа, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар). Ұйымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың критерийлері:

1-ші санат - заңмен қарастырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету (қызметкерлердің санынан кемінде 50%, еңбекақыны төлеу қорының шығындар үлесі кемінде 25%

2-ші санат - халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатымен өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатылуына жәрдемдесу (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%)

3-ші санат - 1) тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін, 2) басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санаты үшін тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%)

- әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсету бойынша

- әлеуметтік-психологиялық қызметтерді көрсету бойынша

- медициналық техниканы өндіру және (немесе) сату бойынша

- демалысты және сауықтыруды ұйымдастыру бойынша

- қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша

 - мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін жағдайлар жасау бойынша

 - әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету бойынша

4-ші санат - қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізу қызметін жүзеге асыру:

 - психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтерді көрсету бойынша

 - балалардың демалысын және сауықтыруын ұйымдастыру бойынша

 - әлеуметтік-бағдарланған коммерциялық емес ұйымдардың жұмыскерлері мен еріктілерін (волонтерлерін) оқыту бойынша

- мәдени-ағартушылық - қоршаған ортаны қорғау бойынша

- жалпы білім беру-оқыту бағдарламаларын іске асыру бойынша

- халықтың әлеуметтік осал топтарына геронтологиялық көмек көрсету бойынша

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары

  • Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар
  • Мүгедектігі бар балалардың ата-аналары және қамқоршылары
  • Балалар үйлерінің түлектері 29 жасқа дейін
  • Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар
  • Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар
  • Толық емес, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы әйелдер
  • Нашақорлықты емдеуден өткен адамдар
  • Мүгедектігі бар адамдар
  • Қандастар

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай қолдау шаралары енгізілді:

  1. Мемлекеттік гранттар 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 5 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттарды ұсыну кезінде салалық шектеулерді алып тастау қарастырылған әлеуметтік кәсіпкерлерге басымдық берілетін болады.
  2. Қаржылық емес қолдау шаралары Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мынадай сияқты кәсіпкерлік қолдаудың қаржылық емес шаралары таралатын болады:

- кәсіпкерлік қызметті жүргізудің сервистік қолдауын ұсыну;

- кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;

 - «іскерлік байланыстар» құралы;

 - «Мен кәсіпкер» тиімді кәсіпкерлік қызметіне оқыту құралы

 

Тізілімге қалай кіруге болады?

  1. Алдымен сіздің кәсіпорныңыздың тізілімге кіре алатын санатын анықтау қажет.
  2. Таңдалған санатқа сәйкес құжаттар пакетін жинау қажет. Аталмыш сұрақ бойынша жан-жақты ақпарат алу үшін өңірлік қабылдау комиссиясына жүгінгеніңіз жөн.
  3. Әкімдіктердің жанындағы Кәсіпкерлік басқармаларына құжаттар пакетімен қоса өтінішті арнайы комиссияның қарауына ұсыну қажет.

 

Өтінім беру кезінде маңызды:

  • Өтінімдер бір тоқсанда бір рет қабылданады. Әрбір өңірде комиссия жұмысының басталу күндері әртүрлі жарияланады;
  • Өтінімдерді қабылдау ДК, ЖШС немесе өзге заңды тұлғаның (қоғамдық қордың немесе қоғамдық мүгедектер бірлестігінің) тіркелу орны бойынша жүзеге асырылады;
  • Өтінішті беру сәтінде кәсіпорынды тіркеу сәтінен бастап кемінде 1 жыл өтуі тиіс;
  • Өтініш пен құжаттар қағаз түрінде қабылданады;
  • Өтінім берушілер қабылдамау жағдайында қайтадан (комиссияның келесі отырысына) өтінім бере алады;
  • Тізілімге кіруге өтінім беретін коммерциялық емес ұйымның Жарғысында коммерциялық қызмет жүргізу туралы тармақ болуы тиіс. Өтінім беруші бір жыл бойы коммерциялық қызметті жүзеге асыруын тиісінше құжаттармен (есептермен, анықтамалармен) растауы тиіс. Кіріс сомасы регламенттелмейді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы.

Мекен-жайы:Тараз қ., Желтоқсан көшесі, 78, 2 қабат.

Байланыс телефондары: 8(7262) 455850

Электрондық мекен-жайы:akim_dpp@zhambyl.gov.kz

Instagram: kasipkerlik_iidb_zhambyl