Құрметті кәсіпкерлер!
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында жыл сайын Бизнес пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын реттеу мәселелерін талқылау, олар бойынша тиімді шешімдер әзірлеу, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік бақылау және қадағалау реформасы аясында заңнама талаптарын жүйелі түрде бұзудың алдын алу жүйесін дамыту мақсатында Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Кездесу 2025 жылдың 25 қыркүйегі, сағат 10.00-де, Тараз қ., Төле би даңғылы, 60, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ғимаратының 2.3 корпусының 3 қабатындағы мәжіліс залында өтеді.
Осыған орай кәсіпкерлік субъектілерін қатысуға шақырамыз.