⚜️Жамбыл облысында туризм қарқынды дамуда!
✔️2025 жылы Жамбыл облысында туризм саласында жалпы құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 9 нысан ашылады.
✔️Бүгінде 6 нысан іске қосылды:
- Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Ежелгі бекініс қамалы» тарихи кешені;
- Тараз қаласындағы «Аструм» жабық аквапаркі;
- Байзақ ауданындағы «Жібек Жолы» жол сервис кешені;
- Байзақ ауданындағы «Керуен» жол сервис кешені;
- Жамбыл ауданындағы «Арзан сити» жол сервис кешені;
- Шу ауданындағы «Еламан» демалыс орталығы.
Жыл соңына дейін, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған тағы 3 туристік нысан іске қосылады.
✔️Ағымдағы жылы іске қосылатын туристік нысандар:
- Талас ауданындағы «Рахат-ай» мұз айдыны;
- Т. Рысқұлов ауданындағы «Этноауыл» демалыс орталығы;
- Шу ауданындағы «Шу Мұнай өнімдері» жол сервис кешені.