Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс өткізіледі!

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс өткізіледі!

📣Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

📍Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 2 қабат, 229 каб.
📧Электрондық пошта: akim_dpp@zhambyl.gov.kz
📞Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-10-17, 8 (7262) 54-36-20

⚜️Конкурстың нысанасы:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру» - әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру.

💰Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды. Бөлінген қаражат: 21 (жиырма бір) млн. теңге.

⚜️Байқау түрі: Ашық конкурс.

🌐Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Үкіметтік «Kezekte.kz» электрондық веб-порталы арқылы.

📄Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады, Үкіметтік «Kezekte.kz» веб-порталы арқылы бекітілген электрондық нысанда өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

⏰Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2025 ж. «22» қыркүйектен бастап 2025 ж. «25» қыркүйекке дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

⏰Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2025 ж. 22 қыркүйек, сағат 10.00-нан бастап (жергілікті уақыт).

⏰Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2025 ж. 25 қыркүйек, сағат 18.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

❗Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.