🔔Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы 2025 жылдың 1-15 қыркүйек аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлікке құжаттарды қабылдау өтетіндігін хабарлайды!
📌Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік мәселелерді шешуге немесе жұмсартуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Әлеуметтік кәсіпкерліктің экономика құбылысы ретіндегі заманауи даму тарихы шамамен 50 жылды қамтиды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы көшбасшылар: АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Израиль.
🔺Ұйымдарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың критерийлері:
1-ші санат - заңмен қарастырылған, халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету (қызметкерлердің санынан кемінде 50%, еңбекақыны төлеу қорының шығындар үлесі кемінде 25%);
2-ші санат - халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санатымен өндірілген тауарлар мен қызметтердің сатылуына жәрдемдесу (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
3-ші санат - 1) тыныс-тіршілігіндегі шектеулерді еңсеруге немесе орнын толтыруға мүмкіндік беру мақсатында мүгедектігі бар адамдар үшін, 2) басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарының 9 санаты үшін тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету (кірістердің үлесі жалпы кірістен кемінде 50%);
4-ші санат - қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметтерді жүзеге асыру;
📍Құжаттар қабылданатын жер: Тараз қ., Желтоқсан көшесі, 78, 2 қабат.
Байланыс тел.: 8 (7262) 45-06-34
Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз! Еліміздің болашағына үлес қосып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бірге атсалысайық.