Сауда бойынша шілде айының қорытындысы

Сауда бойынша шілде айының қорытындысы

⚜️2025 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша облыстағы ішкі сауда көлемі 551,4 млрд. теңге болып қалыптасып, нақты көлем индексі 102,3%-ды құрады.

📈Соның ішінде бөлшек сауда көлемі 309,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 102,4%-ға артты.
Көтерме сауда 240,4 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,1% болды.

✔️Облыстағы сауда кәсіпорындары және мекемелерімен 195,4 млрд. теңгеге сауда жасалынған.

✔️2025 жылдың 01 тамызына облыстағы көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарында 59,2 млрд. теңгеге тауар қоры сақталған. Оның ішінде бөлшек сауда орындарында құны 31,1 млрд. теңге болатын 35 күнге жететін тауар қоры, көтерме сауда нысандарында 28,1 млрд. теңгеге 41 күнге жететін тауарлар сақталған.