⚜️2025 жылдың қаңтар-шілде айында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 745,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 118,2% құрады.
📈Өнеркәсіп өнімінің 18,2%-ға өсуі тау-кен өндіру саласында өнім көлемінің 39,5%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 13,5 %-ға өсуімен түсіндіріледі.
📈Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 139,5%.
Өңдеу өнеркәсібі саласында өнім көлемі 473,1 млрд. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 113,5% құрады.