2025 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 301,8 млрд. теңгені құрап, 48,1%-ға артты. Осы жылға жоспар бойынша 115 млн. АҚШ долларға тікелей шетелдік инвестициялар тартылады деп күтілуде. Бұл индикатор келесі ірі инвестициялық жобалардың есебінен орындалады.
Олар:
- Қытайлық «Fujian» металлургиялық зауыты – 30 млн. АҚШ доллары;
- «Fufeng» жүгеріні терең өңдеу зауыты - 30 млн. АҚШ доллары;
- Түркиялық – «Qazaq Soda» компаниясы - 30 млн. АҚШ доллары;
- Біріккен Араб әмірлігінің – «Masdar» компаниясы - 10 млн. АҚШ доллары;
- Франциялық – «Total Eren» компаниясы – 10 млн. АҚШ доллары;
- Ресейлік – «Еврохим» компаниясы – 5 млн. АҚШ доллары.