Басқармада үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге "Қоғамдық көмекші" қоғамдық бірлестігінің басшысы, "Қазақстан Тараз суретшілер одағы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, экоактивист Голубинская Елена Алексеевна қатысты. Өнеркәсіп, инвестиция, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, сауда және туризм салалары жайлы қойылған сұрақтарға басқарманың бөлім басшылары тарапынан жауап берілді.