
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға 190,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 66,8%-ға артты. Республикалық жоспар 115%-ға орындалды (жоспар – 165,3 млрд теңге). Оның ішінде:
- Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 91,4 млрд. теңге құрады (270,8%);
- Мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 160,2 млрд. теңге құрады (157,8%).
2025 жылы жалпы құны 175,2 млрд. теңгеге 30 инвестициялық жоба іске асырылуда.
2025-2028 жылдар аралығында құны 3,7 трлн. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жобалар іске асырылуда.