
Облыс бойынша 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында ішкі сауда көлемі 270,3 млрд. теңгені құрады (НКИ – 102,5%).
Оның ішінде: бөлшек сауда 161,5 млрд. теңге құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ға артты, көтерме сауда 108,1 млрд. теңгені құрап, 103,5%-ға өсті.
2025 жылдың қаңтар-наурызында сыртқы сауда көлемі 188,0 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 76,6%-ға артқан, оның ішінде экспорт 107,6 млн. АҚШ долларын құрап, 3,8 есе өскен, ал импорт 3,2%-ға артып, 80,4 млн. АҚШ доллары болды.
Бұған қоса, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар атқарылуда.
2025 жылы Тараз қаласында 4 сауда базарын жаңғырту қарастырылған: Береке, Жібек жолы, Салтанат, Якка сарай.
2025 жылдың 4 айдың қорытындысымен сауда саласына салынған инвестиция көлемі 8,5 млрд. теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға артық (2024 жыл 6,8 млрд. теңге).