Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік кепілі

Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік кепілі

Бүгін, Қазақстан  Республикасының Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған «Азаматтық қорғаныс-халық қауіпсіздігінің кепілі» ұранымен Жамбыл облысында ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимаратында сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Жаттығу барысында  Қазақстан  Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығымен бекітілген Халыққа  және азаматтық қорғау  саласындағы мамандаға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидалары талаптарының сақталуына басты назар аударылды.

Сейсмикалық жаттығуға аталған ғимаратта орналасқан барлық мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері түгелдей қатысып, жаттығудың өз деңгейінде өтуіне атсалысты.