2024 жылдың қорытындылары: Кірістер артығымен орындалды, 97%-дан астам қаражаттар игерілді

2024 жылдың қорытындылары: Кірістер артығымен орындалды, 97%-дан астам қаражаттар игерілді

2025 жылғы 31 қаңтарда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С.Календеровтың төрағалығымен өткен кеңесте облыстық қаржы басқармасының 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі тыңдалды. Мәжілісте облыстық қаржы басқармасының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылы алға қойған міндеттері талқыланды.

Жыл қорытындысы бойынша облыс бюджетінің кірістері жыл қорытындысымен 701,4 млрд. теңгеге немесе 100,2%-ға орындалды. Меншікті кірістер жоспары 179,6 млрд. теңгеге немесе 100,7%-ға орындалып, 1,3 млрд. теңге жоспардан артық түсті.

Бюджеттік қаражаттар 777,6 млрд. теңгеге 97,4%-ке игерілді.

Бюджеттің атқарылуы мәселелерімен қатар, кеңесте коммуналдық меншікті басқару, оның ішінде Жекешелендіру жоспарының іске асырылуы, ұйымдардың қаржылық жағдайы туралы және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі Жол картасының аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында облыста 10 596 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды, тренинг барысында қатысушыларға 4009 көмек көрсетілді.

Кеңесті қорытындылай келе, облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров 2025 жылға арналған міндеттерді белгілеп, аудан әкімдіктері мен басқармаларға оларды іске асыру үшін нақты тапсырмалар берді.