Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат

Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 және «Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы бойынша 14 ұйым («Қордай су» МКК, «Жуалы-су» МКК, «Талас - таза су» МКК, «Сарысу сулары» МКК, «Байзақ су» МКК, «Аса-су» МКК, «Таза су-2014» МКК, «Жамбыл су» МКК, «Құлан-энерго жылу» КМК,«Шу-Жылу» МКК, «Жаңатас-су-жылу» МКК, «Игілік» көпсалалы кәсіпорны» МКК, «Қордай ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» МКК және «Талас-Аса» МКК) алынып тасталды.

Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына барлығы 19 ұйым енгізіліп отыр, оның ішінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-нан 5 ұйымы.

Бекітілген Жол картасына сәйкес 9 ұйым сатылды, 2 ұйымды тарату бойынша жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылдың қазан айында «Таза талас» МКК және «Сарысу» газетінің редакциясы» ЖШС - 51% мемлекеттік қатысу үлесін, ал қараша айында «Жаңару 2017» ЖШС мен  қатысушысы «Тараз» ӘКК» АҚ болып табылатын «Astana Food Storage» ЖШС сауда-саттыққа шығару жоспарланған.

Электронды сауда-саттық өтуі туралы ақпаратпен «Мемлекеттік мүлік тізілімі» - www.gosreestr.kz  веб порталы арқылы танысуға болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы