Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат

Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелес ортаға беру барысы туралы ақпарат

Жекешелендіруді жүргізу және квазимемлекеттік сектор

 субъектілерін бәсекелес ортаға беру

 барысы туралы ақпарат

 

Жамбыл облысы бойынша Жекешелендірудің 2021 − 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына 28 ұйым және «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы кіргізілген.

Жамбыл облысы бойынша барлығы 33 ұйым бәсекелес ортаға беріледі.

Жекешелендірудің 2021 жылға арналған кешенді жоспарының жол картасына сәйкес 15 ұйым сауда-саттыққа шығарылады. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 15 шілдесіндегі ахуал бойынша:

- Меркі ауданы бойынша «Меркі тынысы-Баспасы» ЖШС - 49 пайыз мемлекеттік қатысу үлесіне бағалау жұмыстары жүргізіліп (бағалау құны 5 340,0 мың теңге), ағымдағы жылдың 26 мамыр айында екінші электрондық аукционда 4 443,7 мың теңгеге сатылды. (жеңімпаз «Салық тәртібі» ЖШС-і боп танылды);

- Шу ауданы бойынша «Шу аудандық баспасы» ЖШС – 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлесіне бағалау жұмыстары жүргізілді (бағалау құны 14 100,0 мың теңге), ағымдағы жылдың 23 маусымында үшінші электрондық аукционда 4 206,3 мың теңгеге сатылды. (жеңімпаз жеке тұлға «С. Джандосова» боп танылды);

- Тараз қаласы бойынша «Редакция газеты «Жамбыл-Тараз» ЖШС – 90  пайыз мемлекеттік қатысу үлестеріне бағалау жұмыстары жүргізілді (бағалау құны 12 156,3 мың теңге). Ағымдағы жылдың  11 маусымында, (жол картасы бойынша 28 маусым), электрондық аукционда 13 371,9 мың теңгеге сатылды. (жеңімпаз жеке тұлға «Н.Даулеталдина» боп танылды);

- Жамбыл ауданы бойынша «Шұғыла-Радуга» ЖШС – 100  пайыз мемлекеттік қатысу үлестеріне бағалау жұмыстары жүргізілді (бағалау құны 4 898,2 мың теңге). Ағымдағы жылдың  9 шілдесінде электрондық сауда-саттық өткізіліп, 20 461 мың теңгеге сатылды. (жеңімпаз жеке тұлға «Н.Даулеталдина» боп танылды);

- Т.Рысқұлов ауданы бойынша «Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі51 пайыз мемлекеттік қатысу үлестеріне бағалау жұмыстары жүргізілді (бағалау құны 38 098 мың теңге) және ағымдағы жылдың 23 шілдесінде (жол картасы бойынша 09.08.2021) электронды сауда-саттыққа шығару жоспарлауда.

- Қордай ауданы бойынша «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлестеріне бағалау жұмыстары жүргізілді (бағалау құны 14 190 мың теңге). Ағымдағы жылдың  6 тамызында (жол картасы бойынша 9 тамыз) электрондық сауда-саттық өткізіледі.

Аукционның өтуі туралы ақпаратпен «Мемлекеттік мүлік тізілімі» - www.gosreestr.kz  веб порталы арқылы танысуға болады.