Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы!

Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі модельдері мен басымдықтары, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру-ағарту жұмыстарын жүргізу аясында Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының мәжіліс залында кеңес өткізілді.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіның басшысы Болат Исаханұлы Копдикбаев, Жамбыл облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Елдос Сайлауұлы Бекпатшаев, мемлекеттік қызметтің ардагері, облыста белгілі саяси қайраткер Рахматілдә Сегізбайұлы Рахманбердиев баяндама жасап, мемлекеттік қызмет аясындағы қолданыстағы заңнама талаптары, оларға енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер, Әдеп нормалары бойынша түсініктемелер берді.

Кеңеске облыс әкімдігінің қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту, цифрландыру және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметшілері қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына тиісті жауаптарын алып, пікірлерімен алмасты.