2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілді

2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілді

Бүгін, ағымдағы жылдың 18 маусымында өткізілген Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының жиырма үшінші сессиясында облыстық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындылары мен облыстың даму жоспарының орындалуы туралы мәселелері қаралды. Сессия қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы туралы есебі депуттаттардың бірауыздан қолдауын тауып, бекітілді.

2024 жылы облыстық бюджеттің кірістері 619,7 млрд.теңге сомасында немесе 100,2%-ке қамтамасыз етілді, бюджетке 992,7 млн.теңге артық түсті (2023ж. – 102,3%). 

Меншікті кірістер жоспары 85,7 млрд. теңгеге немесе 101,3%-ға орындалды, бюджетке 1,1 млрд.теңге жоспардан артық түскен. Өткен жылмен салыстырғанда 20,9%-ға немесе 14,8 млрд. теңгеге артқан.

Облыстық бюджет шығындары жоспарда 634,5 млрд. теңге болса, іс жүзінде 632,4 млрд. теңгеге немесе 99,7%-ға орындалған.

2024 жылға арналған облыстық бюджет шығындарының білім беруге – 54,3%-ы (343,5 млрд.тг), денсаулық сақтауға -2,6%-ы (16,5 млрд.тг), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 4,7%-ы (29,6 млрд.тг), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 7,4%-ы (46,9 млрд.тг), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 2,3%-ы (14,3 млрд.тг) бағытталған.

Есепті жылда облыстық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламалары 606,9 млрд. теңгені, даму бюджеттік бағдарламалары 107,5 млрд.теңгені құраған.

Бюджеттің орындалуы, қаражаттардың игерілуі мәселесі облыс басшылығының, қаржы басқармасының әрдайым тұрақты бақылауынан түскен емес. Ағымдағы жылы да жұмыстар жалғасын тауып, бюджетті сапалы әрі тиімді орындау мәселесіне аса зор мән берілетін болады.