ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАРҒАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 

Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы Қарғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу барысында ауыл халқының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Нұрлан Ертасұлы 2024 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

 

Есепте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, жолдарды жөндеу, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.

 

Кездесуде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың шешу жолдары қарастырылды.