Жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы
туралы сұрау салу мүдделерін білдіру
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 18-тармағына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-сі, кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «Жамбыл облысы Қордай ауданында «Гагарин» кен орнындағы алтын өндіру фабрикасы үшін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау туралы хабарлайды.
Жоба мыналарды қамтиды:
3) жобаның алдын ала техникалық-экономикалық параметрлері.
- 110 кВ - ӘЖ ұзындығы - 45,31 км;
- 110 кВ - КЛ ұзындығы - 0,54 км;
- «Гагаринское» 110/6 кВ ҚС-1 дана;
- Есептік қуаты-16 МВт.
4) құрылыс кезеңі - 8 ай;
5) пайдалану/техникалық қызмет көрсету кезеңі-кемінде 60 айлар;
6) жобаның мақсаттары мен міндеттері - Сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Гагаринское» кен орнында алтын өндіру фабрикасының тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
7) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес бюджеттен болжамды төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары. Ұсыныстар сұрау салу мүдделерін білдіру жарияланған сәттен бастап бір ай ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: Жамбыл облысы, Тараз қ., Желтоксан көш., 78 тел: 8 7789192466, эл.адрес dekh.kz@zhambyl.gov.kz. Жауапты тұлға: «Жамбыл облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің жылу, электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлімінің бас маманы Омаров Алмас Көпбайұлы.