
Әне-міне дегенше қыстың бел ортасына да келіп қалыппыз. Дегенмен Тараз қаласында қыс ызғары шаһар жұртшылығына аса сезіле қоймағанымен, таулы аймақтарда қыс кәдімгідей қақарына мінгендей. Қазақта «Жаз арбаңды қыс сайла, қыс арбаңды жаз сайла» демекші, әр адам қысқа өзінше қам-қарекетпен келеді. 0Биыл ол үрдістен жаңылғанымыз жоқ. Әрі оған елдің «биыл қыс ерте түседі екен, қыс айлары өте суық болады» деген қаңқу сөзіде сеп болғандай. Айтса айтқандай-ақ, қарашаның соңын ала қар түскенімен қыс өңіріміз үшін жайлы өтуде.
Жылыту маусымы облысымыздың аудандарында 15 -ші, ал Тараз қаласында 18 қазанан басталып кеткен болатын. Бүгінде өңірімізде барлығы 3263 нысан жылумен қамтылған. Оның 786 білім беру, 390 денсаулық сақтау, 494 әлеуметтік нысандар болса, 1593 көп қабатты тұрғын үйлер.
Тараз қаласында 1212, Жаңатаста 86, Қаратауда 138, Шуда 56, Құлан ауылында 4 және Аса ауылы 1 көп қабатты тұрғын үй орталық жылу қазандықтарына қосылып, пәтер иелерін жылумен қамтамасыз етуде.
Облыстағы бюджеттік мекемелер жылыту маусымына қажетті көмірмен толық қамтылған. Бүгінгі таңда тұрғындардың көмірді тұтыну қажетті 254,6 мың тоннаны құрап, жоспар 99,2 пайызға орындалды. Тұрғындарға көмірді жеткізу бұдан былай да жалғаса бермек. Өңірімізге тас көмір Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізілуде. Көмір тасымалы бойынша арада жүрген алып сатарлар жоқ, облыс бойынша көмір тапшылығы сезілмейді.
Қазір өңірімізде көмірсатумен 27кәсіпкер айналысуда. Көмір қоймаларында Шұбаркөл мен Қаражыра көмірі 14-15 мың теңге аралығында өткерілуде. Көмірмен қамту мәселесі және бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қойылған. Бұл облыс әкімдігінің күнделікті бақылауында тұр.
Ағымдағы жылдың жылыту маусымын ойдағыдай өткізу үшін шағын қалаларға отын-энергетика кешені кәсіпорындары тарапынан 1,4 миллиард теңге бөлінген. Қаратау қаласының қазандығына жылыту маусымына қажетті 11,4 миллион куб газға273,6 миллион теңге, Жаңатас қаласына 10646 тонна мазутқа 1125,3 миллион теңге бөлініп, қажетті отынмен қамтылды. Өзге аудандарда да отын қоры жеткілікті.
Жылыту маусымын жұмысын үйлестіру және оны ұйымшылдықпен өткізу бойынша «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы бойынша өңірлік штаб жұмысының жоспары» бекітілген. Бүгінде штабтың 2-і отырысы өткізілді. Басқарманың жауапты мамандары қала мен аудандарға шығып жүргізген зерделеу барысында анықталған кемшіліктер штаб отырысында қаралып, жауапты мекемелерге ол оқылықтарды жою тапсырылды.
«Қыс қыстығын жасамай тұрмайды» дейтін болсақ, алда жауын-шашынды күндердің аз болмасы айдан анық. Шілденің шығысы, ақпанның ақ бораны мен сақ бораны, одан әріде наурыз келді деп тағы арқаны кеңге салуға болмайтыны белгілі. Аталарымыз «сәуір болмай тәуір болмайды» демекші қыс ызғары бұл айларда қайта қоймас. Дегенмен, бүгін жылыту маусымының бел ортасына да келгенімізбен, бұл маусымның аяқталуына бақандай үш ай барын естен шығармауға тиіспіз.
Биыл облыстағы ағымдағы жылыту маусымының өту барысы қалыпты. Ауарайы да қарайластытұр. Қазір бюджеттік мекемелер мен көп қабатты тұрғын үйлердегі температура нормаға сәйкес. Жалпы облыстағы жылыту маусымының өту барысы өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың қатаң бақылауында десек те болады. Көгілдір отынмен қамтылған елді мекендер мен қазандықтардың жұмысы бір қалыпты жүргізілуде.