2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету туралы

2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде  облыс  тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету туралы

    2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде             

   облыс  тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету туралы

 

        Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Р. Мұздыбековтің төрағалығымен және «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ң облыстық филиалының өкілдері және көмір сатумен айналысатын нарық субъектілерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыста облыс бойынша халық пен бюджеттік ұйымдардың қажеттілігіне орай 221,1 мың тонна көмір жеткізу, бағаны ретсіз көтермеу, дүрбелең тудырмау мәселелері баяндалды.

Көмір сатумен айналысатын нарық субъектілеріне көмірге берген тапсырыстары бойынша қандай да бір мәселе туындаған жағдайда (оның ішінде: вагондардың жетіспеушілігі, вагондардың тұрып қалуы, логистика мәселелері), басқармаға тікелей хабарласуларына және туындаған мәселелердің шешілуіне ықпал жасалатындығы баяндалды.