«Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы 2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!

«Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы  2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!

«Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы

2022 жылдың 20 шілдесінде басталады!

 

✅ Бағдарламаға тек Жамбыл облысының жастары ғана қатыса алады.

 

🔹 Өтінімдер 2022 жылдың 20 - 30 шілдесі аралығында e-zhambyl.kz сайтында ЭЦП кілті арқылы қабылданады.

 

🔻 Бағдарламаның шарттары:

▪️ Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін

▪️ Пайыздық мөлшерлеме – 5%

▪️ Бастапқы жарна – 5%

▪️ Несие беру уақыты – 19 жыл.

 

Қатысушыға қойылатын талаптар:

✅Жасы 35-тен аспауы тиіс (35 жасты қоса алғанда);

✅ Бағдарламаға қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру кезінде Жамбыл облысы аумағында өзі еңбек ететін салада соңғы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы керек;

✅ Соңғы 2 жыл ішінде тұрақты үздіксіз мекенжайлық тіркеуі және бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген сәтте онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Жамбыл облысында тіркеуі болуы тиіс.

✅ Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы керек;

✅ «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақ шотының болуы керек;

✅ Әр отбасы мүшесіне бөлінген кездегі кірістің жалпы құны 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 145 817 теңгеден аспауы қажет (2022 ж. 1 сәуіріне ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 тг).

 

Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?

  1. Денсаулық сақтау саласы
  2. Білім беру саласы
  3. Мәдениет саласы
  4. Спорт саласы
  5. Журналистика саласы.

 

📌 Бағдарлама кезеңдері

▪️ ЭЦП кілті арқылы сайтта өтінім қалдырады

▪️ Қатысушы өзінің жеке кабинетіне жолдама алады

▪️ Қатысушы жолдамада көрсетілген уақыттан кейін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-на құжаттарын өткізеді

▪️ Банктің мақұлдауынан кейін қатысушы 60 күн ішінде үй іздейді

▪️ Рәсімдеу және несие шартына қол қою кезеңі (несие соммасы сатушыға аударылады).

 

Бәріңізге сәттілік!

Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!