ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ  ПЫСЫҚТАЛДЫ

Облыстық штабтың жұмыс жоспарына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Р.Р. Дәулеттің төрағалығымен ағымдағы жылдың 16-18 қазан күндері Т.Рысқұлов, Меркі, Жамбыл, Байзақ аудандарында 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының өту барысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың автономды қазандықтары мен құрылыс нысандарына зерделеу жүргізілді.

Аудан әкімдіктерінің өкімдеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 6-8 қазан күндерінен бастап аталған аудандарда жылыту маусымы басталған.

Зерделеу қорытындысы бойынша 4 ауданды біріктіріп, көшпелі штаб отырысы өткізілді. Штаб отырысында әлеуметтік нысандардың автономды қазандықтарының жұмысы, ғимараттардағы жылудың берілуі, негізгі және резервтік отын қорымен қамтылуы, температуралық кестенің сақталуы, қазандық операторлардың біліктілігі және т.б. мәселелер қаралып, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Білім, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті штаб төрағалары баяндама жасады.

Зерделеу жұмыстары кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл шаралар қабылдап, қалыпты жұмысты үйлестіру үшін тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.