Жылыту маусымына дайындық барысы

Жылыту маусымына дайындық барысы

Облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Р.Р. Дәулеттің төрағалығымен ағымдағы жылдың 7 қазан күні штаб жұмыс жоспарына сәйкес, Сарысу, Талас, Жуалы аудандарының жылыту маусымына дайындық барысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға зерделеу жүргізілді. Зерделеу қорытындысымен көшпелі штаб отырысы өткізіліп, орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, негізгі және резервтік отын қорымен қамтылуы, т.б. мәселелер көтеріліп, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Білім, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті штаб төрағалары баяндама жасады.

Штаб отырысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдап, ағымдағы жылдың 14 қазанына жоспарланған көмірдің толық жеткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Бұдан бөлек, Жаңатас қаласының орталық қазандығын мазутпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланып, тасымалдау (жеткізу) жұмыстарын тездету тапсырылды. Қазіргі таңда мазутты жеткізу жұмыстары жүргізілуде.