Елді мекендердің жылыту маусымына дайындығымен танысыты

Елді мекендердің жылыту маусымына дайындығымен танысыты

Облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Р.Р. Дәулеттің төрағалығымен ағымдағы жылдың 8 қазан күні штабтың кезекті жұмыс жоспарына сәйкес, Шу, Мойынқұм, Қордай аудандарына шығып, нысандардың жылыту маусымына дайындығымен танысты, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен құрылыс нысандарына зерделеу жүргізілді.

Зерделеу қорытындысымен көшпелі штаб отырысы өткізіліп, орталық және автономды қазандықтар мен әлеуметтік нысандардың дайындығы, олардың отын қорымен қамтылуы және т.б. мәселелер көтеріліп, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, Білім, Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті штаб төрағалары баяндама жасады.

Штаб отырысында анықталған кемшіліктерді жою, жоспарлы көмірдің толық жеткізілуін қамтамасыз ету жұмыстарын ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін аяқтау тапсырылды.