Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары 964 000 түп ағаш отырғызылады

Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары 964 000 түп ағаш отырғызылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қазақстан аумағында жылына 372 млн түп ағаш отырғызылады. Оның ішінде, Жамбыл облысы бойынша 2021-2025 жылдары аралығында 964 000  ағаш егілетін болады.

Өңірдің жасыл белдеуін ұлғайту мақсатында 2021 жылдың көктем-күз айларында жалпы саны 179 800 дана Қарағай, Акация, Терек, Арша, Туя, Шегіршін (вязь), Үйеңкі (клён), Алма, Күл ағашы, Емен, Қайың, Каталпа отырғызылады. Ал, келер жылы – 192 770 ағаш егілсе, 2023 жылы – 201 800, 2024 жылы – 196 800, 2025 жылы – 192 800 түп ағаш егіледі деп жоспарлануда.

Көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайы жақсарып, Жамбыл облысы  жасыл желекке айналмақ.